Жаңалықтар

21 қараша күні Хромтау тау-кен техникалық колледжінің 202, 204 топ студенттері Хромтау өлкесінің тарихын танытып, халық мұрасымен таныстыру мақсатында тарихи өлкетану мұражайына экскурсияға барды.

27 қараша мен 1 желтоқсан аралығында колледждің фойесінде ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ТҰЛҒА» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітап - сарқылмас рухани қазына. Көненің көзі, ескінің сөзі. Колледждің кітапхана меңгерушісі Тыныштыкова Гульбану Болатовна мен кітапханашы Диана Төрежанқызының ұйымдастырған кітап көрмесінде «Ел және Елбасы», «Елбасы мұраты – ел бақыты», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» бөлімдері бойынша әдебиеттер жинақталып, студенттер мен оқытушыларға таныстырылды. Олар Елбасының өмірі мен еңбек жолдары, шығармаларынан үлкен әсер алды. Сонымен қатар бала Нұрсұлтанның суреттерін көріп, қолжазбаларын оқыды.

2018 жылдың желтоқсан айының 29-күні  колледждің  мәжіліс залында ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» атты кітап бенефисі «Лингвист» клубының жетекшісі Қазтай Сейілхановна және де  101 топ кураторы Махаббат Рамазановнамен бірге ұйымдастырылып өтті.

«16 – желтоқсан» тәуелсіздік мерекесіне байланысты колледж ішілік іс-шаралар өткізуіне байланысты колледж  кітапханасында  «Желтоқсан- тәуелсіздіктің белгісі» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Қарашаның 20 мен 30 аралығында "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жұмыстары" онкүндігі өтті.

  • Онкүндік аясында 21 қараша күні 104, 105 және 102(3) топ студенттерінің арасында "Менің қоғамда алатын орным", "Мен жақындарыма жауаптымын"
    тақырыптарында эссе байқауы өткізілді.
  • 22 қараша күні колледж түлектерімен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттер келген қонақтарға түрлі сауалдар қойып, алдыңғы буын ағаларының тәжірибелерімен танысты.
  • Қарашаның 23-25 күндері «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын алу» жедел алдын алу шарасын жүргізді. Қаладағы халық көп шоғырланатын орындар мен көшелерде «Түнгі қаладағы балалар» рейді жүргізілді.

Колледждің белсенді студенттерінен құралған Студенттік кеңес жұмысын жандандыру мақсатында ұйым төрағасын сайлау жүргізілді.

Ұстаздар мерекесі күздің суық күнін ерекше жылылықпен толтырды.