21 қараша күні Хромтау тау-кен техникалық колледжінің 202, 204 топ студенттері Хромтау өлкесінің тарихын танытып, халық мұрасымен таныстыру мақсатында тарихи өлкетану мұражайына экскурсияға барды.

 

Экскурсия барысында студенттер туған өлке тарихымен, елдімекеннің қарқын алып дамуы жолында еңбек сіңірген тұлғалар туралы мол мағлұмат алды. Колледж тәрбие жоспарының маңызды бір бағыты "Патриоттық тәрбие беру" болғандықтан, бұндай игі шаралар өз жалғасын табады деп білеміз.