Қарашаның 20 мен 30 аралығында "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жұмыстары" онкүндігі өтті.
- Онкүндік аясында 21 қараша күні 104, 105 және 102(3) топ студенттерінің арасында "Менің қоғамда алатын орным", "Мен жақындарыма жауаптымын"
тақырыптарында эссе байқауы өткізілді. - 22 қараша күні колледж түлектерімен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттер келген қонақтарға түрлі сауалдар қойып, алдыңғы буын ағаларының тәжірибелерімен танысты.
- Қарашаның 23-25 күндері «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын алу» жедел алдын алу шарасын жүргізді. Қаладағы халық көп шоғырланатын орындар мен көшелерде «Түнгі қаладағы балалар» рейді жүргізілді.