Жаңалықтар

Құрметті, әріптестер! Сіздерді Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2019 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Жаңа 2019 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!

Сахнаның сәнін келтірген сымбатты жүргізушілер, әрбір топтың дайындаған тамаша ән-би тартулары, көңілді көтерген жаңа жылдық қойылым мен кештің қорытындысында шырқалған әуезді ән! 
Бәрі-бәрі осында! Аяулы диреторымыз Бағдаш Қадыржанқызының шабытты құттықтауы да барша әріптестерінің ілтипатын тудырды.

Балғын балалықтың ең қызықты сәттерінің бірі -Жаңа жыл мерекесі!

Балапандар бір сәтке ғажайып ертегі әлеміне еніп кеткендей күй кешті. Бір жыл бойы Аяз атаға дайындаған өнерлерін көрсетіп, тәттілер мен сыйлықтарға кенелді.

Жиынға колледждің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Сүйінтаев Бекзат Тұрсынбекұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Көрпебаева Жанар Өтеғұлқызы қатысты. Жиын мақсаты – алдағы демелыс кезінде студенттерді қоғамдық орындарда ұсақ құқық бұзушылықтарға бармауға бағыттау, кәмелетке толмағандардың түнгі қалада заңды өкілсіз жүруіне болмайтынын еске салу, мүлдем төзбеушілікті болдырмау және ойын-сауық, қоғамдық демалыс орындарында өзін-өзі ұстау мен шектеу-шарттарын түсіндіру болып табылады.

Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздіктің 27 жыл мерейтойына орай ұйымдастырылған «Желбірей бер, тәуелсіздік байрағы»🇰🇿 атты концерт студенттер мен кеш қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.

2019 жылдың қаңтар айының 24-күні  колледждің  кітапхана оқу залында Ақтөбе облысының 150 жыл толуына орай «Город на белом холме» брейн-рингі жастар комитетінің төрағасы-Г.С.Ситебай, тарих пәнінің оқытушысы - В.К Бегентаева, кітапхана меңгерушісі Г.Б.Тыныштыкова және кітапханашы Д.Т.Шалқарбаевамен бірлесе ұйымдастырылды

13 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 27 жыл мерейтойы қарсаңында Хромтау тау-кен техникалық колледжі үздік волейболшыларды анықтады.