Жаңалықтар

20 ақпан күні Жастар жылының аясында Хромтау колледжі 2019 оқу жылына жоспарланған Кәсіптік бағдар беру жұмысын бастап кетті.

2019 ж 15 ақпанда Хромтау тау – кен техникалық колледжінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарлуына 30 жыл толуына орай 2 курс студенттері арасында «Болашақ сарбаз» әскери- партриоттық сайысы өтті.

Хромтау тау-кен техникалық колледжінің SMARTeam командасы аудандық квест "Мұрагер" сайысында 1 орын иеленді.

Қаңтардың 21-27 аралығында Өскеменде 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасындағы бокстан республикалық чемпионатта 104 топ студенті Бекзат Алдамжаров чемпион атанды.

Жарысқа біздің колледжіміздің студенттерінен құралған Құрама аттанған болатын. Жаттықтырушысы – Төлебай Қуаныш. 11 команда сайысқа түскен спорт додасында біздің командамыздың бабы мен бағы қатар жанып, үздік нәтижемен 1 орынды иеленді. Осылайша АУЫСПАЛЫ КУБОК-ты еншілеп келді. Сондай-ақ, команда мүшесі Нұрмұхамбет Дамира жарыстың «Үздік ойыншысы» атанды.

2019 жылға кемел ой,көркем сөзімен белгілі жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасы мен көрнекті ақын, драматург Әбділда Тәжібаевтың «Лирикалық өлеңдері» таңдалынып алынды.

Dál qazir HGTK jastary tikeleı efırde "Jastar jylynyń" ashylý saltanatyn tamashalaýda.