20 ақпан күні Жастар жылының аясында Хромтау колледжі 2019 оқу жылына жоспарланған Кәсіптік бағдар беру жұмысын бастап кетті.
Алғашқы талапкерлер алаңы - Дөң орта мектебі. Мектептің 9 және 11 сынып оқушыдарына колледж туралы презентация көрсетіліп, даярланатын мамандықтар тізімі таратылды. Оқу үдерісі мен студенттің мүмкіндіктері туралы, шәкіртақы көлемі, колледж жатақханасы және өзге де талапкерлер мен олардың ата-аналарына маңызды ақпарат айтылды.
{gallery}1janalyq/11{/gallery}