Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздіктің 27 жыл мерейтойына орай ұйымдастырылған «Желбірей бер, тәуелсіздік байрағы»🇰🇿 атты концерт студенттер мен кеш қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.


Кеш барысында директордың орынбасары Марал Қансұлтанұлы үстіміздегі оқу жылында жемісті еңбек етіп, іргелі істер атқарған оқытушыларды колледж директорының Алғыс хатымен марапаттады.


Сондай-ақ, кәсіподақ төрағасы Амантай Айтекешұлы өз ісін абыроймен атқарып, табысты еңбек еткен қызметкерлерге құрмет грамотасын табыстады.