2018 жылдың желтоқсан айының 29-күні  колледждің  мәжіліс залында ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» атты кітап бенефисі «Лингвист» клубының жетекшісі Қазтай Сейілхановна және де  101 топ кураторы Махаббат Рамазановнамен бірге ұйымдастырылып өтті.

Жазушы Николай Зенковичтың «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» атты кітап бенефисінің   және 1-желтоқсан – «Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру болды.

Кітапхана меңгерушісі «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» жайында мағлұмат беріп, таныстырды. Бейнематериал мен слайд көрсетілді.

№101 топ студенттері Аманғали Еркебұлан, Кубегенов Шыңғыс, Байгалиев Рауан   кітап бойынша ақпарат айтып өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті, дайындаған бейнематериалдары көрсетілді.

«Лингвист» клубының жетекшісі Қазтай Сейілхановна Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтап, бүгінгі талқыға түсіп отырған кітап жайында пікір білдірді.

101 топ кураторы  М.Р.Бисенбаеваға сөз кезегі берілді, студенттер арасында пікір алмастырылды.