27 қараша күні Хромтау тау-кен техникалық колледжінің мұғалімдер қауымымен "Зайырлы қоғамда діндердің өмір сүру " тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш тақырып жиын барысында қызу талқыға түсті. Себебі, зайырлылық түсінігінің ауқымы кең. Конституциялық негіздегі «зайырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, соның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ұждан бостандығын қамтамасыз ететінін, дін мен мемлекеттік саясатты араластырмайтынын білдіреді. Қазіргі заманғы зайырлылық, ең алдымен, гуманистік құндылықтарды, соның ішінде, адамның ар-ұждан және наным-сенім бостандығын еркін жүзеге асыруын қамтиды. Міне, дөңгелек үстел барысында осындай маңызды мәселе жөнінде кеңінен сөз қозғалды.
Зайырлы қоғамда заңсыз әрекеттерден сақ болайық!
https://hromtau-hgtk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/225-zajyrly-o-amda-dinderdi-mir-s-ru-ta-yrybynda-d-gelek-stel-tti.html#sigFreeIdc769509a6e