ХРОМТАУ ЖОҒАРЫ ТАУ-КЕН ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МИССИЯСЫ МЕН БАҒДАРЫ

Бағдары – Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжі 2025 жылға қарай Қазақстан Республикасындағы ең үздік инновациялық техникалық оқу орнына айналу;

Миссия – Кәсіптік және техникалық білім мазмұнын жаңарту жағдайында елдің индустриалды – инновациялық дамуына бейімдей, адамгершілік құндылықтар рухында тәрбиеленген моно-қала мен тау-кен өндіріс саласына  бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты жатақханадағы студенттер отырысы

Жастар ісі жөніндегі меңгеруші Жанар Мұратқалиевна мен «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі Индира Амангелдіқызы студенттер үйіндегі студенттермен отырыс өткізді.
Отырыс мақсаты “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу  жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру. Отырыс соңында студенттерден анонимді сауалнама алынды.