2022-2023 оқу жылы бойынша және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан, мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін төмендегі көрсетілген төлқұжаттары қажет.
Құжаттар тізбесі:
1. Белгіленген нысандағы өтініш;
2. Туу туралы куәлік – көп балалы отбасылардың балалары үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейінгі туылған жағдайда;)
3. Қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронтық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасыларда тәрбиеленетін балал;
4. Мүмкіндігі шектеулі туралы анықтамалар- мүмкіндігі шектеулі және бала кезінен мүмкіндігі шектеулігі үшін немесе психологиядық-медициналық-педагогикалық консультацииның қорытындысы- даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін;
5. Өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтамалар – атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін;
6. Табысы туралы мәліметтер (жұмыс жасайтын ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы,кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар )- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.
Құжаттар 23 кабинетте қабылданады.