ХРОМТАУ ЖОҒАРЫ ТАУ-КЕН ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МИССИЯСЫ МЕН БАҒДАРЫ

Бағдары – Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжі 2025 жылға қарай Қазақстан Республикасындағы ең үздік инновациялық техникалық оқу орнына айналу;

Миссия – Кәсіптік және техникалық білім мазмұнын жаңарту жағдайында елдің индустриалды – инновациялық дамуына бейімдей, адамгершілік құндылықтар рухында тәрбиеленген моно-қала мен тау-кен өндіріс саласына  бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

Тәуелсіздіктің 30 жыл мерейтойына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Касым-Жомарт Тоқаевтың "ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ" атты мақаласы колледж ұжымына таныстырылды.

Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған мақаласында қоғамды мазалап жүрген жер мәселесі бойынша тағы бір мәрте нақты жауап берілді. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақалада Қасым-Жомарт Тоқаев егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға тоқталып, іргеміздің берік болуы үшін қажет шараларды да айқындап берді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басқан Қазақстан үшін бұл он екі ай толымды істерге толы болуы тиіс. Президент мақаласының алғашқы бөлімі «Бағдар мен белес» деп аталып, онда осы күнге дейін елімізде атқарылған дүние сараланады. Алғашқы онжылдықта Қазақстан іргетасын қаласа, екіншісінде керегесін кеңейтіп, тарихын түгендеуге, шекарасын шегендеп, инфрақұрылымдық жобаларға баса мән берді. Үшінші онжылдықта еліміз индустриялық-инновациялық даму жолын таңдады. Ал алдағы төртінші онжылдықтағы міндет – қуатты елдің иесі және кемел халық болу, - дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы. 

Ал басты ұран «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген ұғым болмақ.