Хромтау Жоғары колледжінде 1-курс студенттері арасында «Хромтау аудандық дін істері орталығы» КММ теолог маманы Мұхамбетәлі Аслан Берікұлымен діни экстримизм терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өткізілген кездесуде студенттер діннің бағыттарымен танысып, басқа ағымдағы діндерден аулақ жүруге кеңес алды. Студенттерге жалпы әлемде болып жатырған террорлық әрекеттер туралы, сонымен қатар дәстүрлі емес діни ағымдардан қалай сақтану керектігін, олардың қоғамға тигізер зияны туралы сөз қозғады. Шара сонында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пікірлерімен бөлісті.

#ХГТВК
@hromtau_audanynyn_akimdigi
@aqtobe_bilim_basqarmasy