21 қыркүйек күні, 1- курс студенттері арасында «Жасөспірімдерді тәртіп бұзушылық пен қылмыс жасаудан сақтандыру» тақырыбында жергілікті полиция қызмет бөлімінің бастығы міндетін атқарушы полиция майоры Мырзагелдин Қуаныш Танжарықұлымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен студенттердің қадағалаусыз қалмаудың алдын алу және студенттерге қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
#хгтвк @hromtau_audanynyn_akimdigi @aqtobe_bilim_basqarmasy
https://hromtau-hgtk.edu.kz/kz/t-rbie-b-limi/t-rbielik-is-sharalar/1287-zhas-spirimderdi-t-rtip-b-zushyly-pen-ylmys-zhasaudan-sa-tandyru.html#sigFreeId400e75b67e