29 наурыз 2024 жылы Хромтау Жоғары колледжінде 1-курс ата-аналарына арналған «Жасөспірімдермен қарым-қатынас ерекшеліктері» тақырыбында сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Балалардың айналасындағылармен жағымды қарым-қатынас орнатуына қолдау көрсету.
Міндеттері:
—Балаға жағымды қарым-қатынастарды қолдауды, жағымсыз қатынастарға қарсы тұруды үйрету;
—Ата-аналарға қарым-қатынас түрлері туралы түсінік беру (достық, жасөспірімдер субмәдениетіндегі мінез-құлық, буллинг және т.б.);
Ата-аналардың оң қарым-қатынасты қолдап, жағымсыз қарым-қатынасты жеңу дағдыларын игеруіне ықпал ету.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
Құрмет, эмпатия, қабылдау. Жиналыста ата-аналар «Маслоу пирамидасы» негізгі қажеттіліктерінің пирамидасын бірге жинады. «Достық» және «Буллинг» жайлы видеоларды көріп, жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынас туралы өз ойларымен бөлісті. Топтарға бөлініп, кейстерді қарастырды. Кейстердегі ұсынылған жағдайды талдау және оған оңтайлы шешім табу процесі өте құнды болды.
#даналық_мектебі #Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_ортадығы #біртұтас_тәрбие #хгтвк @hromtau_audanynyn_akimdigi @aqtobe_bilim_basqarmasy