АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ. 18 қаңтар 2024 жылы сағат 15:00 де Хромтау тау-кен техникалық Жоғары колледжінде ата-аналарды қолдау бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2-курс білім алушыларының ата-аналарымен «Күйзелістен шығар жол» тақырыбында дәріс болып өтті.
Сабақтың мақсаты: Ата-ананың күйзеліске қарсы тұру және баласына да осындай көмек көрсету қабылетін қалыптастыру.
Міндеттері:
????Ата –аналардың баласын күйзеліске төзімділікке үйрету дағдысын дамыту
????Ата-аналардың күйзелістің көріністері және одан шығу әдістері, мінез-құлқын эмоционалдық реттеу және баланың күйзеліске төзімділігін қамтамасыз етуде мұғалімдер мен ата-аналардың өзара әрекеті туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету;
????Күйзелісті ресурстық күйге айналдыру дағдыларын қалыптастыру, баланың күйзеліске төзімділігін арттыру құралдарын меңгеру.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
????Ашықтық, өмірге он көзқарас.
Жоспар
????«Қарым-қатынас конверті» ширату ойыны.
????Ата-аналарға арналған сауалнама
????Бейне материал
????«Күйзелістің оң және теріс тұстары» шағын пікірталас Қазақстанның әртүрлі ұлттық мәдениеттеріндегі ата-аналар мен балаларға арналған төзімділік құралдары.
#даналық_мектебі #Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_ортадығы #біртұтас_тәрбие #хгтвк @hromtau_audanynyn_akimdigi @aqtobe_bilim_basqarmasy {gallery}-111/2{/gallery}