18 қаңтар 2024 жылы Хромтау тау-кен техникалық Жоғары колледжінде ата-аналарды қолдау бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1-курс білім алушыларының ата-аналарымен «Эмоционалды интеллект- табысты тұлғаның негізі» тақырыбында дәріс болып өтті.
Сабақтың мақсаты: Ата-аналардың эмоционалды құзыреттілігін, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынасты реттеу дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
????Эмоционалды интеллектіні дамыту бойынша қызығушылықты қалыптастыру;
????Эмоционалды интеллектінің құрылымдық компоненттері туралы түсінік (өзіндік сана-сезім, эмпатия, өзін-өзі реттеу, қарым-қатынасты реттеу)
????Өз эмоцияларын және басқа адамдардың эмоцияларын түсіну қабілетін дамыту.
????Өз эмоционалдық жәй күйлерді реттеу, олардың сыртқы көріністерін бақылау, позитивті қарым-қатынас дағдыларын дамыту
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
????Ашықтық, өмірге он көзқарас.
Жоспар
????Шағын топтардағы жұмыс.
????Өзіндік сана-сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия, қарым-қатынасты ретту дағдыларын дамытудағы жаттығулар
????Жанжалды жағдайдан шығу. Қорытынды. Рефлексия
#біртұтастәрбие #атааналардықолдауорталығы #хгтвк @hromtau_audanynyn_akimdigi @aqtobe_bilim_basqarmasy {gallery}-111/1{/gallery}