Бүгін колледжімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» бағдарламасы негізінде директордың орынбасары Ж.Ө. Көрпебаева, әлеуметтік педагог М.Қ.Тулегенова, педагог- психолог И.Б. Амангелді 1 курс ата-аналарымен «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» Тұлға адамгершілік құндылықтар негізінде өзін- өзі дамытудың нәтижесі ретінде тақырыбында сабақ өткізді. Сабақты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ө. Көрпебаева “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” бағдарламасының мақсат-міндеттерін әлеуметтік педагог М.Қ.Тулегенова колледждің әлеуметтік төлқұжатымен таныстырып, ата – аналармен сауалнама өткізді. Сабақ барысында ата-аналармен колледждің педагог-психологы И.Б. Амангелді «Менің балам -дербес тұлға» «Тепе теңдік дөңгелегі» топтық жұмыстарын өткізді.
Сабақ барысында ата-аналар тақырыпты талқылап, ой бөлісті. Одан әрі «Алтын сандық» әдісі бойынша сұрақтарға және жағдаяттарға жауап беріп, ситуацияға дайындықтарын көрсетті. Сонымен қатар ата-аналармен бірлескен жұмыста ұлттық құндылықтар дәріптеліп, үлкендер өнегелі сөздерімен өсиет айтты.
Бала болашағын қалыптастыруда ата-аналар мен колледж ұжымының өзара тығыз қарым-қатынасы үлкен рөл атқаратыны белгілі. Осыған орай баланың даму ерекшеліктеріне байланысты бейнеролик көрстеліп, сабақ «Шаңырақ» әдісімен қорытындыланды. Ата-аналар тәрбиелік мәні зор шара үшін өз алғыстарын білдірді.
#даналық_мектебі #Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_ортадығы #біртұтас_тәрбие #хгтвк @hromtau_audanynyn_akimdigi @aqtobe_bilim_basqarmasy