Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжіндегі ҚР «Тіл туралы» Заңының орындалуы жөнінде
Хромтау тау-кен техникалық колледжінде мемлекеттік тіл қазақ тілі мен әдебиет пәні бірінші және екінші курста оқытылады. Аталған пән барлық мамандықтарға мемлекеттік стандартқа сай жүргізіледі.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беретін оқытушылар құрамы төмендегідей:
- Апетов Канат Петржанович. Білімі жоғары, С. Байшев атындағы Ақтөбе университеті. Жоғары кәсіптік білімді қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің оқытушысы. Жоғары санатты. 2018 жыл. Еңбек өтілі 14 жыл.
- Сауанова Гүлнұр Құнанбайқызы. Білімі жоғары, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті. 2003 жыл. Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің оқытушысы. Жоғары санатты. 2018 жыл. Еңбек өтілі 17 жыл.
- Ситебай Гүлсезім Сәрсенқызы. Білімі жоғары. Л. Н. Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университеті, филология факультеті, филология мамандығы. Екінші санатты. Еңбек өтілі 2 жыл.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мақсаты:
- ҚР «Тіл туралы» заңын, халықтарының өзара түсіністігі мен ынтымақтастығын құрметтеу, олар туралы сезім-түсініктерін қазақ тілінде жеткізе алу;
- Қазақ халқының рухани және тарихи – мәдени байлығын тіл арқылы таныту;
- А. Құнанбаев, М. Әуезов, О. Бөкей, М. Шаханов, Ә. Кекілбаев сынды ақын-жазушылардың шығармаларын оқыту;
- Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеу құзіреттілігін қалыптастыру, тілдің қарым-қатынастық қызметін меңгерту;
Сонымен бірге жалпы гуманитарлық және экономикалық пәндер тобындағы кәсіптік қазақ тілі пәні оқытылып келеді. Кәсіптік қаза тілі пәнін оқығаннан соң білім алушылар:
- Әдеби сөйлеудің негізгі ұғымдары мен ережелерін;
- Мамандық бойынша лексико-грамматикалық материалдарды;
- Функционалды – коммуникативті сөйлеуді;
- Кәсіптік лексиканы;
- Мамандық бойынша терминдермен жұмыс істеуді;
- Пікір алмасу бойынша сұхбат жүргізуді, монолог сипатында мәтін құруды үйренеді.
Колледж білім алушылары мынаны меңгеру керек:
- Жеке тұрмыста, әлеуметтік ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасауды үйрену;
- Қазақ тілінде айтылған, жазылған сөздерді тыңдай білу, түсіну, сөйлесе білу (диалог), дұрыс оқу, дұрыс айтуға дағдылану;
- Қазақша сөйлеу әуезділігіне жету, жетексіз өз бетінше сөйлеуге, жазуға, өлеңдер мен шығармалардан үзінділерді оқып және жаттап айтуға дағдыландыру;
Білім алушылар кәсіптік қазақ тілі пәнінде мамандықтарына байланысты «Тау-кен электромеханикалық жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Пайдалы қазбаларды жер астында өңдеу», «Пайдалы қазбаларды байыту», «Дәнекерлеу ісі», «Көлік құралдарын жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету» сынды құзіреттіліктерге байланысты терминдерді, кәсіби сөздерді, кен ісіне байланысты мәтіндерді оқып біледі.
Пән оқытушылары мамандық бойынша бағдарлама мазмұнын «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Модульдік құзіреттілік тәсіл негізінде әзірленген білім беру бағдарламасы мен ҮОБ сәйкес ұсынылған нысан бойынша құрастырады.
2020-2021 оқу жылында колледжде жалпы орта білім алу үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында 1 курс студенттері жаңартылған мазмұнға сәйкес жалпы білім беру пәндерінің оқу бағдарламаларын игеруге студенттердің білімін бағалау үшін балдық-рейтингтік және әріптер мен бағалу жүйесін пайдалануға көшеді.
Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Сонымен бірге ресми тіл ретінде орыс тілі қатар жүріп отыр.
Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде оқитын өзге ұлт өкілдерінің ішінде Орыс ұлты, украин ұлты, белорус ұлты, әзірбайжан ұлты, татар ұлты, башқұрт ұлты, корей ұлты, неміс ұлты , армян ұлты бар.
Оқытушылар сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиет пәнінің жұмыс оқу бағдарламаларын құрастырғанда ҚР «Тіл туралы» Заңын оқыту, үйрету мақсатында мемлекеттік стандарт бойынша 2 сағат бағдарламаға енгізілді. Жалпы студенттер (оның ішінде өзге ұлт өкілдері бар) 1-бап. Негізгі ұғымдар, 4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Заңның 16-бабы. Білім беру саласына арналған бөлімдерін оқып, жаттап түсінігін айту сынды тапсырмалар орындады.
«Тіл туралы» Заңда 27 бап қамтылған, алты тараудан тұрады. 1-тарау «Жалпы ережелер», 2-тарау «Тіл мемлекеттік және мемлекетік емес ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында», 3-тарау «Тіл білім беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында», 4-тарау «Тілді шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда пайдалану» деп аталады.
Аталған Заңның қазақша және қазақ тілін оқу қиындық туғызатын студенттерге орысша нұсқаларын беру арқылы үйретудеміз.
Осы өзге ұлт өкілдерінің ішінде ерекше атап өтетін студент бар. Ол: 1-курс, №103 топ мамандығы «Пайдалы қазбаларды байытушы» Тутамышева Сабина Каримовна. Башқұрт ұлтынан. Бұл студент Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған «Ұстазым менің, ұстазым!» тақырыбындағы ұстаздар күніне арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылар жетекшілігімен білім алушыларға арналған облыстық байқауда өз шығармасымен бөлісіп, біліктілігін танытып, ұсынған жұмыстары үздік деп танылғаны үшін 2-дәрежелі дипломмен, «Жаңа ғасыр таланттары» интеллектуалды – олимпиадалық, шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Поэзия! Менімен егіз бе едің?...» атты балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында өткен республикалық байқауда эссе жанры бойынша жоғары дәрежеде эссе жазғаны үшін 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.Сонымен бірге 1-курс білім алушылары Оңталапова Аружан, Мырзалы Лаура, Измагамбетов Шыңғыс, Қорғанбекова Гүлшат, Мессер Светлана, Тюрикова Ксения қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен болған түрлі облыстық, республикалық байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленуде.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушылары да өздерінің іс-шараларында өзге ұлт студенттерін көптеп қатыстыруда.
Колледжде кәсіптік және техникалық білім берілетіндіктен студенттерге техникалық терминдер қиындық туғызуда. Осыған орай арнаулы пән оқытушылары мемлекеттік тілде сабақ жүргізуге басымдық беруге ұмтылулары қажет деп есептеймін. Қазақ тілі оқытушыларынан басқа да әріптестер іс-шараларда, тәрбие сағаттарында, құжаттармен жұмыста, жиналыстарда, тапсырылатын есептерде, әлеуметтік желілерде мемлекеттік тілдің қолданылуына басымдық беруі керек.