Құрметті студенттер, ата-аналар!

Дата публикации: 25.07.2024 в 9:40

Біздің колледжімізде «Сенім жәшігі» мен «Сенім телефоны» жұмыс істейді. «Сенім жәшігі» колледждің 1 – қабатындағы адалдық алаңы жанында орналасқан. Сенім жәшігіне сіз мазалап жүрген сұрақ, өтініш, тілек хаттарыңызды қалдыра аласыз. Аты-жөніңізді көрсету міндетті емес, яғни жолдауың анонимді түрде болады. «Сенім телефонына» хабарласу арқылы сіз өзіңізді мазалап, ешкімге айта алмай жүрген сырларыңызбен бөлісуіңізге болады.

«Сенім жәшігі» – бұл: Түсіністік Жауапкершілік Құпиялылық Шынайылылық

Анонимділік

Колледжіміздегі «Сенім телефонының» номері: 78-1-38