oC
Komek insta

ХРОМТАУ ЖОҒАРЫ ТАУ-КЕН ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МИССИЯСЫ МЕН БАҒДАРЫ

Бағдары – Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжі 2025 жылға қарай Қазақстан Республикасындағы ең үздік инновациялық техникалық оқу орнына айналу;

Миссия – Кәсіптік және техникалық білім мазмұнын жаңарту жағдайында елдің индустриалды – инновациялық дамуына бейімдей, адамгершілік құндылықтар рухында тәрбиеленген моно-қала мен тау-кен өндіріс саласына  бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

Бiз туралы

Жастар арасында нашақорлыққа қарсы күрес және салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларын ауданда жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облысы  ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен Хромтау ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі, аудандық Әкімдік  бірлесе 26 қарашада  Хромтау тау-кен техникалық Жоғары колледжінде «Спорт–нашақорлыққа қарсы» акциясы аясында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Ақтөбе облысы ЖП МҚБ бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Асқаров Асхат Кенжеғалиұлы және Хромтау  ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің  полиция майоры Сағынтаев Әсет Молдағазыұлы қатысты.
Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салты насихатталып, бейне-роликтер көрсетілді.

 

#ХГТВК
@hromtau_audanynyn_akimdigi
@bilim_basqarmasy_aqtobe
#спортнашақорлыққақарсыақциясы