Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу шараларына байланысты 2021-2022 оқу жылының ІІ жарты жылдық оқу жұмысы аралас форматта санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылуда.
І курс студенттері толықтай онлайн форматта білім алуда. Білімалушылар «Платонус» оқу платформасында сабақ кестесіне сәйкес оқу тапсырмаларын, дәрістер мен сабақтарды оқиды. ІІ,ІІІ курс студенттері үшін әр түрлі уақытта сабақ кестесі жасалып, қоңырау уақыттары өзгертілді. Кабинеттік жүйе тоқтатылып, әрбір топ бір кабинетте отырғызылды. Оқу кабинеттері мен шеберханаларда санитарлық «тазалық аумағы» дайындалған. Колледж ішінде бетперде кию режимі мен мед. бақылау күшейтілді. Әрбір 2-ші сабақтан соң желдету, дезинфекциялау және кварцтау жұмыстары жүргізіледі.
Эпидемиологиялық жағдай колледж әкімшілігі тарапынан үнемі бақылауда ұсталады. Білім беру ұйымы аралас форматта жұмыс жасағанына қарамастан, білім беруді тиісті сапа көрсеткіштеріне сай ұйымдастыру қадағалануда. Қашықтық форматында білім беруді ұйымдастыру барысында бірқатар ақпараттық технологиялар тиімді енгізілуде. Оқу сабақтарын интерактивті, онлайн түрде, кері байланыс орната отырып қызықты да сапалы оқыту басты талап.