Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығына сәйкес Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің
1 курс білімалушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндері оқытылады.
2021-2022 оқу жылының 2 семестрі еліміздегі коронавирустық инфекцияның алдын алуға бағытталған карантиндік талаптарға байланысты онлайн форматта сабақ өтілуде.
Аталған пәндер бойынша колледж студенттеріне жоғары білімді, тәжірибелі, білікті оқытушылар құрамы сабақ береді:
-Апетов Қанат Петржанович, білімі – жоғары, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы, еңбек өтілі – 15 жыл, жоғары санатты;
- Сауанова Гүлнұр Құнанбайқызы – білімі – жоғары, қазақ тілі мен әдебиеті, кәсіптік қазақ тілі, мемлекеттік тілде іс-қағаз жүргізу пәндерінің оқытушысы, еңбек өтілі – 20 жыл, жоғары санатты педагог-зерттеуші;
-Ситебай Гүлсезім Сәрсенқызы, білімі – жоғары, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы, еңбек өтілі – 4 жыл, педагог-модератор.
Сабақ «Платонус» білім беру платформасында ұйымдастырылады. Сайтқа сабақ тапсырмалары сабақ кестесіне сәйкес жүктеледі. Онлайн режимде біліалушылармен байланыс орнатылады. Сабақ соңында кері байланыс (рефлексия) арқылы білімалушылар бағаланып, сабақ қорытындыланады. Білім сапасының тиісті дәрежеде сақталуына қашықтық форматында сабақ беруді тиімді ұйымдастыру оң әсерін тигізуде.
#ХГТВК
@hromtau_audanynyn_akimdigi
@bilim_basqarmasy_aqtobe