Хромтау жоғары колледжінің базасында тау-кен металлургия саласына арналған құзыреттер орталығына "Арселор Миттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің бас технологы- Әміров Шыңғыс Есетұлы, "Арселор Миттал Теміртау"АҚ Тау-кен қазбаларын жүргізу жөніндегі маманы- Диптон Павел Петрович, "ДДС ПЛЮС" ЖШС бас инженері- Шелуха Степан Викторович, " Арселор Миттал Теміртау "АҚ"Шахтинская" шахтасының үңгілеу жөніндегі бас инженердің орынбасары- Иванов Павел Викторович келді. Келген қонақтарымызға Forward Atlas Copco Scooptram ST1030 тиеу-жеткізу машинасының тренажері, жас маман жобасы шеңберінде сатып алынған KOMATSU фронталды тиегішінің тренажері көрсетілді.

 

Тренажерлар-бұл жүк тиеу-жеткізу машинасының және алдыңғы жүк тиегіштің жүргізушілерін алғашқы оқытуға, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі жүргізушілерде бар басқару дағдыларын жетілдіруге немесе түзетуге арналған заманауи аппараттық-бағдарламалық кешендер. Сонымен қата қонақтар «Қазхром" ТҰК "АҚ филиалы -Дөң тау-кен байыту комбинатымен Хромтау Жоғары колледж арасындағы әріптестікке тәнті болды. Дуальді технологиялық оқыту бойынша колледждің жоғары деңгейде екенін атап өтті. Қонақтардың тағы бір таңқалдырған жәйт бұл академиялық дербестіктің берілгені, сондай- ақ жұмыс берушілер алдағы уақытта жұмыс бағдарламасына оқыту мерзімі мен пәндерді анықтап ұсына алады.

 

#ХГТВК
@hromtau_audanynyn_akimdigi
@bilim_basqarmasy_aqtobe