Жастар арасында нашақорлыққа қарсы күрес және салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларын ауданда жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облысы ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен Хромтау ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі, аудандық Әкімдік бірлесе 26 қарашада Хромтау тау-кен техникалық Жоғары колледжінде «Спорт–нашақорлыққа қарсы» акциясы аясында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Ақтөбе облысы ЖП МҚБ бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Асқаров Асхат Кенжеғалиұлы және Хромтау ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің полиция майоры Сағынтаев Әсет Молдағазыұлы қатысты.
Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салты насихатталып, бейне-роликтер көрсетілді.
#ХГТВК
@hromtau_audanynyn_akimdigi
@bilim_basqarmasy_aqtobe
#спортнашақорлыққақарсыақциясы