Тәуелсіздіктің 30 жылылық мерейтойы мен Дөң тау-кен байыту комбинатының кәсіптік бағдарлау бағдарламасының аясында #201 Пайдалы қазбаларды өңдеу, #202 Тау-кен электрмеханикалық жабдықтарына қызмет көрсету, #205 Аспаздық іс топтарында 🇰🇿 "Кемеңгерліктің 30 жылы" тақырыбымен куратор сағаты өтті.
Мақсаты: Студенттердің өз отанына, туған жеріне, туған ауылына деген сүйіспеншілігін ояту. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның жеткен жетістіктерімен таныстыра отырып, өндіріс қызметкерінің жұмысын таныту.

Куратор сағаты ақпараттық танымдық сипатта өткізілді. Куратор сағатына арнайы 2016 жылғы колледж түлегі, Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік университетінің 2021 жылғы үздік түлегі, қазірде Дөң тау-кен комбинатында тау-кен электромеханигі қызметін атқаратын Молкаждаров Еркін келіп қатысты. Студенттер комбинатта жұмыс жасайтын колледж түлегіне түрлі сұрақтарын қойды.

#ХГТВК
@hromtau_bzhsm
@bilim_basqarmasy_aqtobe
#тәелсіздікке30жыл