Жұмыс сапарымен Хромтау Жоғары колледжіне «Қазхром" ТҰК "АҚ филиалы -Дөң тау-кен байыту комбитанының -"Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы"шахтасының басшысы Мұқашев Мұрат Солтанғазыұлы-", "ALTAI MINING GROUP"ЖШС Бас директоры Жанділдинов Санат Болатұлы келді. Сапар барысында тау-кен металлургия саласы мен Хромтау моноқаласы үшін кадрлар даярлау жөніндегі колледждің жұмысымен және колледж материялдық базасымен танысты.
Колледж директоры Б.К. Мулдашева қонақтарға колледжде "Жас Маман"жобасын іске асырудың қалай ұйымдастырылғаны туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қонақтар "Жас Маман" жобасы аясында сатып алынған жабдықтарды көріп, құзыреттілік орталығының қызметімен танысты. Шеберлердің аузынан қонақтар дуальды технология бойынша оқыту және білім алушыларды заманауи стандарттар мен озық техноларға сәйкес практикалық даярлау қалай жүргізілетінін айтып өтті.

 

#ХГТВК
@hromtau_audanynyn_akimdigi
@bilim_basqarmasy_aqtobe
@donskoygok