2021 жылдың 25 қараша күні Хромтау аудандық емханасының эпедеиолог  дәрігері Жумагалиев Ырзабек Жумагалиевич және Хромтау аудандық санитарлы эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бас маман Мешитбаева Нұргүл Дунесовна « Pfizer» вакцинасы туралы Хромтау Жоғары колледж студенттерімен кездесу өткізді.
Қазақстанда Pfizer вакцинасын 12 мен 18 жас арасындағы балаларға салу жоспарланғанын айтып өтті. Сондай-ақ, бұл вакцинаны жүкті немесе бала емізетін әйелдер салдыра алады.
Балаларға келсек, вакцина алдымен 16 және 18 жас арасындағы жасөспірімдерге салынады. Кейін жас төмендей береді - тиісінше 15, 14, 13, 12 жастағы балалар екпе алады. Балаға вакцина тек ата-анасының рұқсатымен салынады.

 

#ХГТВК
@hromtau_audanynyn_akimdigi
@bilim_basqarmasy_aqtobe