Хромтау тау-кен техникалық колледжінде Еңбекті қорғау күні мен қауіпсіздік ережелеріне арналған бірнеше бағыттағы шаралар ұйымдастырылды.
Олар куратор сағаттары, тақырыптық қабырға газеттері, сенбіліктер мен инструкттаждар. Аталмыш шараға Дөң тау-кен байыту комбинатының инженер маманы А.И.Харрасов пен аудандық маман А.М.Абдеев қатысып, бүгінгі еңбекті қорғау мен қауіпсіздік ережелері туралы өз ойларын ортаға салды.