Адалдық пен әділдікті әспеттейтін жоба аясында ізгі қасиеттерді адам бойына қалай дарыту керектігі барысында Хромтау тау кен техникалық  Жоғары колледжінде «Саналы Ұрпақ» клубының жетекшілігімен ұйымдастырылған "Парасаттылық сағаты" іс шарасы өтілді. Іс шара  мақсаты - жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және жас ұрпақтың парасаттылығы мен адалдығын қалыптастыру. Білім алушылар  назарына қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың өмірлік ұстанымдары туралы бейнеролик ұсынылды. Ол жас ұрпақты адал және құрметті, еңбекқор болуға, үнемі дамуға, ізгілік пен қайырымдылыққа ұмтылуға шақырады.

#ХГТВК
@hromtau_audanynyn_akimdigi
@bilim_basqarmasy_aqtobe