Хромтау тау-кен техникалық Жоғары колледжінде студенттер арасында акушер-гинеколог маманымен «Жасөспірімдердің ерте жүктілігінің алдын алу» тақырыбында  кездесу өтті.

Кездесуде Хромтау аудандық ауруханасының психолог Сарсенова Г.О, акушер-гиниколог Мустафаева М.С. және колледж медбикесі Токсанбаева Н.К. студенттерге жұқпалы венерологиялық аурулардың түрлері, жұқтыру жағдайлары, алдын алудың жолдары туралы кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар ерте жүкті болудың салдары, қауіптілігі, алдын алу туралы да түсіндіріп өтті.

Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға арнайы мамандардан нақты жауаптар алды.

#ХГТВК
@hromtau_audanynyn_akimdigi
@bilim_basqarmasy_aqtobe