15.09.2021ж күні Хромтау тау – кен техникалық жоғары колледжінде Хромтау аудандық жастар ресуры және жастар арасындағы дін мәселелері, қоғаммен байланыс орталығының маманы Мәди Мирамбекұлы діни экстремизмді алдын алу мақсатында "Діни экстремизм және терроризм: Ұғымы, шығу негіздері мен көріністері" тақырыбында дәріс сабағы өткізді. Сабақ барысында студенттер маманнан дін тақырыбында маңызды ақпараттар алып, экстремизм, соның ішінде ғаламтор беттеріндегі диструктивті діни бағыттардан сақтану турасында сауалдарын қойып, мардымды жауаптармен мағлұматтанды.
https://hromtau-hgtk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/813-dini-ekstremizm-zh-ne-terrorizm-ymy-shy-u-negizderi-men-k-rinisteri.html#sigFreeIda1e6185a14