13.09.2021ж күні Хромтау тау кен техникалық жоғары колледжінде құқықтық білім апталыгы басталды. Апталықтың алғашқы күні Хромтау ауданының ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы полиция майоры Әсет Молдағазыұлы Сагынтаевпен 3-4 курс студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында кешкі сағат 23:00 ден кейін кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда ата анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге тыйым салынатынын ескерту жасады. Ескертуді орындамаған жағдайда ата анасына қатысты әкімшілік шара қолданатынын айтып өтті.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе»,- деп ата-бабамыз айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.
https://hromtau-hgtk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/811-13-09-2021zh-k-ni-khromtau-tau-ken-tekhnikaly-zho-ary-kolledzhinde-y-ty-bilim-aptalygy-bastaldy.html#sigFreeId49e470e0e8