10.09.2021ж күні Хромтау жоғары колледжінде төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары бойынша Хромтау полиция бөлімінің экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының аға жедел уәкілі Максат Дастан Кайратович колледж оқытушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тауып алған зат туралы объект күзетшісіне немесе әкімшілігіне дереу хабарласу, табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспау, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін екендігін айтып өтті.
Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша ата-аналар мен студенттерге арналған жаднамамен таныстырды
өз-өзіңізге мүмкіндігінше жылдам келіңіз, тынышталыңыз және үрейленбеңіз;
егер өзіңізді байлап немесе көзіңізді жапса, бойыңызды еркін ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз;
болуы мүмкін қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және эмоционалды тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепілге алынғандардың тірі қалғандығын есте сақтаңыз. Сізді босату үшін құқық қорғау және арнайы органдары кәсіби шаралар қолданып жатқанына сеніңіз;
егер қашып кете алатыныңызға толық сенімді болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз;
мүмкіндігінше терезелерден, есіктерден және адам ұрлаушылардың өздерінен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсенді шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердің қылмыскерлерді көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауіпсіз жерге орналасыңыз;
ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңізге қойып, еденге етпеттеп жатуды ұсынады;
https://hromtau-hgtk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/805-t-tenshe-zha-dajlardy-aldyn-alu-sharalary.html#sigFreeId42d704c02b