08.09.2021ж.күні.
Баршаңызды «Отбасы күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отбасы – қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі.
Елбасы: «Отанға деген ыстық сезім жақындарыңа, туған-туысқандарыңа деген сүйіспеншіліктен басталады,» – деп, отбасының маңызын атап көрсеткен .
Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда адамгершілік пен ізгіліктің негізі қаланады.
Отбасының ең басты құндылығы – күнделікті өмірінен білініп жүрген патриоттық сезімі, үлкендерді құрметтеумен байланысты және бала тәрбиесінде, оқуда, еңбекте көрсетілген рухани-өнеге негіздерін ұрпақтан- ұрпаққа жалғастыруы. Әрбір шаңырақтағы береке – түптеп келгенде, тұтас елдің берекесі. Адамға еңбекқорлық, отансүйгіштік, жасампаздық пен мейірімділік сияқты асыл қасиеттер отбасы арқылы дариды.
Отбасы – бақыт пен шаттықтың, берекелі бірліктің алтын қазығы.
Баршаңызға отбасы күні мерекесі құтты болсын, халқымызға бейбітшілік
пен тыныштық, шаңырақтарыңызға бақыт, табыс тілейміз!
Мерейлі отбасылар көбейе берсін!