Қазақстан халқы тілдері күні — 5 қыркүйекте атап өтілетін мемлекеттік мереке. Тілдер күнін белгілеу үшін Қазақстан 20 жылдан астам уақыт бұрын ойлана бастады. Талқылаудың нәтижесі Қазақстан халықтарының тілдері күні деп аталатын мереке құру болды. Тілдер күнін белгілеу мақсаты көпұлтты елдің тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және тарату,
жас ұрпақтың бойында өз халқының да, елде тұратын басқа ұлттардың да мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру.
Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті.
Ана тілімізді қадірлеп қастерлеп жүрейік.