01.09.2021ж. күні Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде жаңа 2021-2022 оқу жылының басындағы дәстүрлі мереке «Білім күніне» арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында колледж директоры Б.К.Мулдашева колледж оқытушылар қауымын, студенттерді мерекемен құттықтап,колледжде олардың зияткерлік, рухани-адамгершілік дамуына мүмкіндіктер барын айта келіп, кәсіптік білім алу жолында сәтті қадам тіледі. Бүгін 1 курс студенттеріне болашақ мамандықты таңдауда маңызды өмірлік қадам жасалды.
Сондай-ақ, жаңа оқу жылын дәстүрлі оқу форматта бастаған жоғары курс студенттеріне Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында ашық куратор сағаттары өткізілді.