Ағымдағы жылдың 8-11 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті базасында 2018/19 жылғы ел біріншілігінің жүлдегер-командалары арасында "Мехатроника" құзыреттілігі бойынша іріктеу жарыстары өтуде.
Мұнда бақ сынап жатқан командалар арасында үздіктер анықталып, Қазақстан құрамасының сапына шақыртылады. Сонымен қатар 22-26 қыркүйек аралығында Австрияның Грац қаласында өтетін EuruSkills Graz-2021 халықаралық чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болмақ.
Іріктеу кезеңіне Хромтау тау-техникалық жоғары колледжінің түлектері Молодцов Владислав, Майгефер Александр және 4 курс студенті Тулегенов Алишер қатысуда.
Оқу орнымыздың намысын қорғап жатқан түлектерге сәттілік тілейміз!