Оқу-далалық жиындар Әскери-патриоттық тәрбие бастапқы әскери даярлықпен тығыз байланысты және жастардың әскери істі, төтенше жағдайларда қорғану құралдары мен тәсілдерін жақсы меңгеруіне ықпал етуге тиіс. Алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту курсының қорытындысы оқу-дала жиындарын өткізу болып табылады.

Оқу-дала жиындарының мақсаты-ҚР ҚК қызметі және әскери іс негіздері бойынша білім туралы студенттердің түсініктерін қалыптастыру; білім алушылардың өмірлік дағдылары мен қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу.
2021 жылдың 17 мамыры мен 4 маусымы аралығында Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде оқу – дала жиындары өтті, оған бірінші курстың 152 – ден астам білім алушысы-төрт взвод ұлдар және екі взвод қыздар қатысты. Жиын барысында ұлдар әскери қызметтің негіздері бойынша практикалық дағдыларды, ал қыздар алғашқы көмек көрсету дағдыларын алды. Студенттер пневматикалық қарудан атуды меңгерді.
Қорытынды күні салтанатты түрде сап пен ән байқауы өтті. Оқу-дала жиыны қорытындысы бойынша 29 студент грамоталармен марапатталды.