2021жылдың 10наурызында Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес «Байыту және жаңа технологиялар» бөлімінің меңгерушісі Амангүл Қанатқызы Киргизбаева және арнайы пән оқытушысы Дускереев Нұрлан Ерланұлымен  Хромтау қалалық №6 орта мектебінің 9 сынып түлектері үшін мамандық таңдауда кәсіптік бағдарлау бойынша түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізді. Мектеп түлектеріне жарнамалық буклеттер таратылып жұмысшы мамандығын таңдағандарға стипендия, тегін тамақ, жол ақысымен қамтылу жөнінде ақпарат берді. Колледждің мамандықтары, материалдық-техникалық базасы бойынша презентациялық және бейне материалдар көрсетілді. Кәсіптік бағдарлауға мектептің барлық 9сынып түлектері қамтылды.
#ХГТВК
#Кәсіптікбағдарберу