Кәсіптік бағдар беру

«Жарқын болашақ кепілі – жаныңа жақын кәсіп таңдау» дегендей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап өзімізді танып, қабілет пен икемділігімізді дамыту керекпіз.
Осы орайда Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі «Кәсіптік бағдар беру» жұмыстарын бастап кетті. Өткен аптада Хромтау ауданының №1 және №2 орта мектептерінде болып, оқушыларға биылғы оқу жылында қандай мамандықтар бар екенін түсіндіріп, болашақ мамандық таңдауда қызығушылық арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуді арнаулы пән оқытушыларымен қатар 4 курс студенттері жүргізді. «Пайдалы қазбаларды жер асты кеңдерін өңдеу» мамандығы бойынша оқитын 4 курс студенті Сливенко Сергей өз мамандығының қыр-сырын толық түсіндіріп, «Құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер білім алуға барлық күш-жігерлеріңізді жұмсап, Егеменді еліміздің ертеңі – болашақ маман иелері болуларыңызға шақырамын» - деп сөзін аяқтады.
#ХГТВК
#Кәсіптікбағдарберу