Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде "Пайдалы қазбаларды байыту және жаңа технологиялар" бөлімінің шығармашылық айлығы аясында бөлім меңгерушісі, оқытушы Амангүл Қанатқызының ұйымдастыруымен 11 ақпан күні колледж студенттерінің әкелері мен Ақтөбе облыстық "Әкелер одағының" мүшесі, тарихшы, аға оқытушы АЙШУАҚ ДӘРМЕНҰЛЫНЫҢ қатысуымен "Қазақ отбасында әкенің орны қандай болған? Қазір қандай?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
⠀
Шара барысында әкелер өз ойларын ортаға салып, қазіргі кездегі бала тәрбиесі, әкенің қоғамдағы рөлі жайында пікір білдірді.Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін баламды қалай тәрбиелеймін деген сұрақтарға өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар шара қонағы өз кітаптармен таныстырып, әкелерге терең мағлұмат беретін кітапшаларды сыйға тартты.
Шараның басты мақсаты - дәстүрлі әке тәрбиесі институтының маңыздылығын айқындап, бақытты, әдепті, өнерлі баланың қалыптасуында өнегелі тәрбие дарыта алатын Әкенің орны ерекше маңызды екенін ұғындыру болатын.
⠀
Құрметті, Әкелер қауымы, сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, жалынды жігер, ұзақ ғұмыр, тәрбиелеп отырған ұл-қыздардың арасында береке-бірлікте өмір сүруіңізді тілейміз.
Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын! Тәуелсіздігіміз баянды болсын, еліміз аман болсын!
https://hromtau-hgtk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/724-a-t-be-oblysty-keler-oda-yny-m-shesi-tarikhshy-a-a-o-ytushy-ajshua-d-rmen-lyny-atysuymen-aza-otbasynda-keni-orny-andaj-bol-an-azir-andaj-ta-yrybynda-d-gelek-stel-tkizildi.html#sigFreeIde52e5bd228