Жақсылық жасауға жарысайық!

13.02.2021 жылы Хромтау жоғары колледжінің 1 курс студентінің үйінде өрт болып, қиын жағдайға ұшыраған болатын.
"Достық басыңа іс түскенде танылады" демекші, бұл жағдайды естіген колледж студенттері, ата-аналар қауымы, оқытушылар, колледж жұмыскерлері отбасыға көмек көрсетуге жұмылды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында "30 қайырымды іс" акциясын ұйымдастырушы колледж еріктілерінен құралған "АШЫҚ ЖҮРЕК" клубының әр топтағы белсенділері мен Ерманова Қ.С. жетекшілік ететін "Мейірімділік" клубының атсалысуымен жан-жақтан қаражат жиналған болатын.

1 жеті көлемінде жалпы көлемі 1️⃣3️⃣5️⃣ 4️⃣0️⃣0️⃣ тг қаражат жиналды.

Барлық қайырымдылыққа атсалысқан ақниетті жандарға алғыс білдіреміз!
Барлық қаражат көмекке мұқтаж отбасыға жеткізілді!

#30қайырымдыіс
#ашықжүрекеріктілер
#мейірімділікклубы
#хромтауколледжі