Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің 2020-2021 оқу жылының жоспарына сәйкес «Байыту және жаңа технологиялар» бөлімінің меңгерушісі Амангүл Қанатқызы Киргизбаева Хромтау қалалық №7 мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен онлайн түрінде кәсіби бағдар беру мақсатында түсіндіру жұмысын ұйымдастырды.
Жұмыс барысында 2021-2022 оқу жылына қабылданатын мамандықтары бойынша кеңінен түсіндіру жүргізіліп, оқушылар тарапынан әр түрлі сұрақтар қойылды.