Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде, Қазақстан Республикасының 30 жылдық тәуелсіздігіне орай «Ақтөбе - Дарын» өңірлік ғылыми тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 23 – ші ақпанында «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз» тақырыбында жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамыту, оқушылардың туған жерін қадірлеп, оны сүйе білуге және отаншылыққа тірбиелеу мақсатында диктант жазылды.
1-2 курс студенттер арасында қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі мен орыс әдебиет пәндерінің оқытушылары Апетов К.П., Таласбаева Г.Т., Ерманова К.С. және Ситебай Г.С. ашық тұрде диктант жазғызды. Диктант жазуға 161 білім алушылар қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті.
#ХГТВК
#Тәуелсіздікке30жылАқтөбе