Қазақсттан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы және аудан әкімінің қаулысы негізінде Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің 2004 жылғы туылған 85 студенті әскери есепке алынып, Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуге алынды.
Тіркеу барысында әрбір студентпен жеке әңгімелесу жүргізіліп, дәрігерлердің тексеруінен өтті. Қосымша тексерілуді немесе емделуіді қажет ететін студенттерге жолдама берілді. Тексерісті қорытындылаған комиссия мүшелері әрбір студентпен әңгімелесіп, «тіркеу» куәлігін табыстады.
#ХГТВК