АУДАН БАСШЫСЫ КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
4 наурыз, бейсенбі күні аудан басшысы Азамат Бекет Хромтау тау-кен жоғары колледжінің техникалық базасымен танысып, студенттер жатақханасын қарады.
Колледж директоры оқу ордасында жастардың білім алып, қоғамдық жұмыстармен айналысуына толық мүмкіндік жасалғандығын жеткізіп, студенттердің сапалы теориялық біліммен қатар, жан-жақты тәжірбие жинақтауына колледждің техникалық базасы мен әр түрлі үйірмелер үлкен мүмкіндік беретіндігін тілге тиек етті.
Сондай-ақ, студенттер үш тілде білім алып, халықаралық додаларда топ жарып жүргендігін айтты.
Білім алушыларға жасалған жағдайды өз көзімен көрген аудан басшысы колледж жұмысына оң бағасын берді.
#ХГТВК
https://hromtau-hgtk.edu.kz/kz/zhanaly-tar/664-audan-basshysy-kolledzh-tynysymen-tanysty.html#sigFreeIdba21a83a83