14 ақпаны – Халықаралық кітап сыйлау күні.
Бұл күнтізбедегі ең жас мереке.Бұл күн - халықаралық кітап сыйлау күні. Мейрамның шығу тарихы да ерекше.
Негізі халықаралық мерекелер біріккен ұлттар ұйымының немесе халықаралық ұйымдардың қаулысымен бекілітеді. Бірақ бұл мерекеге ешқандай белді мекеменің іс-әрекеті себеп болмаған.
Халықаралық кітап сыйлау мерекесі 2012 жылдан бері Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық деңгейде тойланып келеді. Эмми Бродмур - әлеуметтік желіні белсенді қолданушы, блогер әрі 3 баланың анасы. Бір ұлы Эммиге дәл осы күні "неге адамдар бір біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күн жоқ?" деген сауал қояды. Ешқандай жауап таба алмаған Эмми осы күнді кітап сыйлау күні деп белгілеп, әлеуметтік желі арқылы мерекенің танымалдылығын арттыра бастайды. Нәтижесіне өзіміз куә болып отырмыз - мереке халықаралық деңгейге дейін жетті.
Мерекенің қағидасы бойынша бұл күні балаларға көбірек кітап сыйлаған абзал.
Ендеше сөзден іске көшіп, керек мерекенің мерейін өсіретін сәт жеткен секілді. Мереке құтты болсын!
✍️ Кітапхана меңгерушісі: Г.Б.Тыныштыкова