Бүгін 2021 жылдың 23 ақпанында «Байыту және жаңа технологиялар» бөлімінің шығармашылық айлығы жоспарына сәкес бөлім меңгерушісі , әрі арнайы пән оқытушысы Амангүл Қанатқызы Киргизбаева №204 топ студенттерімен «Есеп және аудит» мамандығы бойынша 2013-2014 және 2017-2018 оқу жылдары колледж бітірушілерімен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге Қарлау, Абай, Аққұдық, Копа, Сарысай, Сатпаев атындағы мектеп, Табантал, Бөгетсай селолық округтар мектебінің бас есепші қызметін атқарушы Қуанышева Салтанат және «Казпочта» бөлімінің бас бухгалтері қызметінде жұмыс атқаратын Төлегенова Амангүл мен кассир-оператор қызметінде жұмыс жасайтын Муханбетьярова Балауса келіп, кездесу барысында білімалушыларға сабаққа ынтасын арттыру және арнайы пәндерді жақсы меңгеруге кеңес берді.
Сонымен бірге колледж ұжымына алғыстарын білдірді. Кездесу білімалушыларға ұнады.
#ХГТВК