15 ақпан Шектеулі Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай, музейде "Ауғанстан-ел есінде" атты кездесу шарасы өткізілді. Шараға Хромтау ауданының әкімі Нағымжан Смағұлұлы, ауған соғысының ардагерлері: С. Т. Нұрмұханов, А. Т. Кужбанов, С. В. Люкаев, С. У. Сактағанов, А. Ж. Балмұханов және Хромтау тау-кен техникалық жоғарғы колледжінің "Қаһарман" клубының мүшелері қатысты. Кездесу барысында ауған соғыс ардагерлері жас ұрпаққа Ауған соғысы туралы толық мәлімет беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Аудан әкімі Нағымжан Смағұлұлы ардагерлерді құттықтап, алғыс хатпен марапаттады.
#ХГТВК
#ХГТВК